Елеусінов 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

0 0

Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді. Боксшының дайындығы туралы толығырақ оның менеджері Зия Алиев баяндап берді.

«Жекпе-жек 15 наурызға белгіленген. Қарсылас әзірге белгісіз. Данияр жаттығуға кірісу үшін АҚШ-қа келесі аптада аттанады», – дейді менеджер.

Оның сөзінше, алдағы уақытта жекпе-жек форматы анықталады. Елеусінов қатысатын Филадельфиядағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Кэти Тэйлордың жекпе-жегі болады. 32 жастағы боксшы қыз кәсіпқой рингте 12 жеңіске жеткен, ал титулды жекпе-жекте бразилиялық Роус Волантемен (14-0, 8 КО) жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы рет былтыр қарашада Монакода никарагуалық Маркос Мохикамен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Дереккөз: Vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.