Өрнек ауылдық округіне қарасты елді мекендерде ауыз су мәселесі шешіледі

0 8

Т. Рысқұлов ауданына қарасты Өрнек ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ақүрпеков Жарлысу, Әбжапар ауылдарында халық алдында есеп берді. Екі ауыл тұрғындары да ауылды ауыз сумен қамту туралы мәселе көтерді. Бұл мәселенің әкімдік бақылауында екендігі ағымдағы жылы өз шешімін табуы бойынша жұмыстар басталғанын жеткізді, — деп хабарайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

2018 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында барлығы 3 млн. 738 мың теңге бөлініп, Сәлімбай ауылына шағын ойын алаңын салу үшін 1376,0 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді. Үнемделген қаржының 1,490 мың теңгесіне Өрнек ауылындағы шағын ойын алаңына газон төселді. Сондай-ақ, Сәлімбай ауылының Бірлес көшесіне 360 мың теңгеге көше жарығы, одан қалған 490,4 мың теңгеге Өрнек ауылдық округі әкімшілігінің кіре берісіне пандус орнатылды. Көктемгі жауын-шашын салдары мен қатты желден болған апаттық жағдайға байланысты Әбжапар ауылындағы ауыз су мұнарасын қалпына келтіруге 2,700,0 теңге бөлініп, 1,476,0 теңгеге жұмыстар жүргізілді. Су жабдықтау электр қуатына 1 млн. 760 мың теңге бөлініп, қаржы толықтай игерілді. Аудандық мәслихат шешімімен әкімшілік ғимаратын мемлекеттік меншікке сатып алуға 20 000,0 миллион теңге бөлініп, мемлекеттік меншікке сатып алынды. Бүгінгі күнге аймақ бойынша 244 көше шамдары жанып тұр. 200 мың теңгеге жыл бойына жанбай қалған көше жарықшамдары ауыстырылды. Уақтылы көше шамдарына электр қуатын қамтамасыз ету үшін 1 000,0 миллион теңге игерілді. Аудандық бюджеттен Сәлімбай ауылындағы Ә.Шоқанова көшесіне (1,6 шақырымға) 15 300,0 теңгеге, Өрнек ауылындағы Б.Ахметов көшесіне (1,4 шақырымға) 12 200,0 теңгеге асфальт төселді.

Бүгінде аймақта 90 шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығымен айналысып, тұрақты жұмыс істеуде. Ауыл аймақта 16600 гектар егістік алқабы бар. 2018 жылы 3065 гектар жерге күздік бидай, 5810,4 гектарға жаздық арпа, 2300 гектар жерге мақсары, 20 гектар жерге қант қызылшасы егілді. Жыл ішінде ақылы қоғамдық жұмыстарға 22 азамат тартылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 37, әлеуметтік жұмыспен қамтылғандар – 12, жастар тәжірибесімен келген жас мамандар – 2.

Айта кетейік, Өрнек ауылдық округіне қарасты 5 елді мекенде 4230 адам тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.