Н.Назарбаев: Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі — жаңа буын

0 3

Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ресми түрде Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.  

Форумға сондай-ақ Үкімет мүшелері, ел Парламентінің депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар қатысты. Қоғамның әр саласында табысты еңбек етіп жүрген Тәуелсіздігіміздің  ұрпақтары Елбасы мен елі алдында өз жетістіктерімен бөлісіп, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Жалынды жастардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақ елінің кешегі тарихы мен бүгінгі жеткен жетістіктерін атап өтіп, жастарға тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең басты жетістік – жастар екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Жастар! Менің айтайын деген негізгі мәселемнің барлығын әр салада көтеріп жатырсыңдар. Осы 27 жыл Тәуелсіздіктің ішінде көп нәрсе жасадық. Көп жеңіске жеттік. Тәуелсіз Қазақстанды орнатып, ондай мемлекетті дүние жүзінің картасына қойдық. Бұл ауқымды, бұл шекарада, дәл осындай жағдайда еш уақытта Қазақстан болған жоқ. Дүние жүзі, барлығы паш еткен, мойындаған, қадірлеген ел болғанымыз жоқ. Сондықтан ата-бабамыздың арманын орындап, біздің буын тәуелсіздік орнатты. Елімізді құрдық, экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық. Мәдениетін, денсаулығын, барлығын көтердік. Дүние жүзі таңғалатын Астананы салдық. Бірақ ішіндегі ең негізгі жетістік ол сендерді — жаңа буын қазақстандықтарды тәрбиелеп шықтық.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.