Облыстық қазақ драма театрында «Ақан сері — Ақтоқты» спектаклі қойылады

0 1

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында кешкі сағат 18.30-да және 1 ақпан күні сағат 16.00-де Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері — Ақтоқты» трагедиясының тұсаукесер қойылымы (премьерасы) болады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Аталған спектакль Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы аясындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қойылып отыр.

Тараз қаласы тұрғындары мен қонақтарын Ұлы даланың ұлы есімдерін және олардың рухани мұраларын терең насихаттап, танытудағы маңызы зор осы қойылымды тамашалауға шақырамыз.

Билеттер театр кассасында сатылады.

Байланыс үшін телефондар: 45-79-89, 45-79-70, 45-29-68.

Leave A Reply

Your email address will not be published.