Жаңаталап ауылдық округінің әкімі өткен жылдың есебін қорытындылады

0 2

Сарысу ауданына қарасты Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Нұрхан Ақмағанбетов өткен жылдың игі істерін қорытындылап, осы жылдың жоспарымен бөлісті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

2018 жылға жергілікті бюджетке жер салығынан 92000 теңге, мүлік салығынан 19970 теңге, көлік салығынан 453720 теңге, ЖТС-нан 198000 теңге өндірілді, сонымен қатар нысанды жалға беру жөнінде жұмыстар бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының бюджетіне 20400 қаржы өндірілді. Жаңаталап ауылдық округінің 2018 жылғы өзіндік кірісі 784 090 теңгені құрады. Ал азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарау жұмыстары бойынша жеке тұлғалардан 22, заңды тұлғадан 5 өтініш түсіп барлығы қанағаттандырылды.

Сондай-ақ, өткен жылы отбасы жағдайын анықтайтын арнайы комиссия табысы аз 31 отбасыны анықтап, оларға 6833,1 мың теңге қаржылай көмек берілген.

Ал округке қарасты ауылдарда 3 білім беру мекемесі бар. Мектепте 41 ұстаз 1 — 11 сынып аралығындағы 157 және мектеп алды даярлықта 19 оқушы білім алуда.

Сонымен қатар, 2018 жылғы мал мен құстың межелік көрсеткіштері толық орындалы. Мүйізді ірі қара – 1131 бас, қой — 18643, ешкі — 2362 бас, жылқы –579, түйе — 252 бас, құс — 1100 басты құрады.

Өткен жылғы отырғызылған егіс көлемінің көрсеткіштері толық орындалды. Дәндік жүгері –230 га., өнімі 70 ц., көкөністер- 45 га., өнімі 175 ц., картоп-20 га., өнімі 165 ц., бақша-44 га., өнімі 240 ц. Барлық отырғызылған егіс алқабы — 1209 гектарды құрады.

Ал осы жылы Ыбырай Сүлейменов орта мектебінің дене шынықтыру залының құрлысын жүргізуге 108 млн 191 мың  теңге қаралып жыл ішінде жұмыстар толық жүргізіледі.  Ұйым ауылын сумен қамтамасыз ету жүйесі құрылысын салуға  10 млн 883 мың теңге, Жаңаталап ауылына  10 млн 891 мың теңге қаралып, аталған жұмыстар жыл ішінде орындалатын болады.  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Жаңаталап ауылының саябағын абаттандыру үшін 1 млн 664 мың теңге қаржы қаралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.