Реанимобиль сыйға тартылды

0 1

Денсаулық» мемлекеттік  бағдарламасы аясында   елдімекендердегі медицина сапасын көтеру міндеті алдыңғы орында. Осыны негізге алған  Болат Өтемұратов атындағы «Бура Байт» қайырымдылық қоры Меркіліктер үшін шарапатты шара жасады. Орталық ауруханаға құны 42 млн тұратын реанимобиль автокөлігін  сыйға тартты.

Осылайша, Меркі аудандық орталық ауруханасының дәрігерлерінің  халыққа сапалы қызмет көрсетуге деген мүмкіндіктері еселеніп отыр. Себебі  Болат Өтемұратов атындағы  қайырымдылық қоры қызметкерлері  бүгін мұнда құны 65 млнға жуық тұратын  медицинаға қажетті заттарды сыйға тартты.

Атап айтқанда, перзентхана бөліміне арналған реанимациялық жасанды ауа беру  аппараты, нәрестелерге үшін реанимациялық үстел, бес дана электр сорғыш  аппараты мен дәрі салатын арнайы ыдыстар берілді. Сонымен қатар, құны 42 млн тұратын жедел-реанимобильді көлігі де меркіліктер үшін қызмет көрсетпек.

Марат Айтмаханбетов   қайырымдылық қор директоры:

— Бұл мерседес бенсс маркалы автокөлігі. Ішінде барлық  қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.  ИВЛ, Кисларод беретін аппарат тағы басқалары. Аудан халқы үшін таптырмас көмек құралы деп есептеймін. Су жаңа. Діттеген жеріне тез жетіп ауырып жатқан адамға ренимациялық барлық қызметті ауруханаға жеткенше жасап келуге арналған. Халыққа ұнайды деген ойдамын.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.