Мойынқұмда «Медиация туралы» Меморандумға қол қойылды

0 7

Бүгін Мойынқұм ауданында «Медиация туралы» Меморандумға қол қойылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Келісімге аудан әкімі Мәден Мұсаев, аудандық сот төрағасы Бабырхан Абуев, Мойынқұм ауданының прокуроры Нұржан Әділов, аудан полиция бөлімінің бастығы Мақсат Жаманқұлов, ауданның Төбе Биі Шакизат Акимов қол қойды.

Жиында аудан әкімі тұрғындар арасында туындаған дау — дамайлардың медиация жолымен шешілуіне қол жеткізу, ауданда билер кеңесінің жұмысын жандандыруға бағытталған іс-шараларды мейлінше көп өткізе отырып, оларға аудан тұрғындарының кеңінен қамтылуына қол жеткізуін атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы жалпы Билер кеңесінің жұмысын кеңінен түсіндірді. Ал аудандық алқабилердің төрағасы өзіне сеніп тапсырылған жұмысқа алғысын айтып, алдағы уақытта қоғамның дамуына жан-жақты жұмыс жасайтынын жеткізді.

Жиын соңында меморандумға қол қойылып, аудан әкімі алқа билердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аталған меморандум түріндегі келісім ҚР 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» №401-ІV Заңына және Мойынқұм аудандық Ардагерлер кеңесі президиумының 11 қыркүйек 2018 жылғы отырысының №2-қаулысына сәйкес құрылған аудандық Билер кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.