Жастардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін сайт іске қосылды

0 0

Қарағанды қаласында «Еңбекке жол» сайты таныстырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл веб-ресурс жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп,  2017-2021 жылдары Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының барысы туралы ақпарат беретін сайт құрды. Оның мақсаты — 2019 жылдың 25 мамырына дейін жұмыссыз жастардың 3 пайызын тарту», — делінген таратылған ақпаратта.

«Еңбекке жол» жобасы үш бағыт бойынша жұмыс істеп жатқаны атап өтіледі: бағдарлама қатысушыларына техникалық және кәсіби білім беру, қысқамерзімді оқыту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбек ресурстарының мобильділігі арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаға 9-11-cынып оқушылары, кәсіби білімі жоқ және білім мекемелеріне оқуға түспеген тұлғалар, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жұмыс іздеп жатқан немесе жұмыссыз адамдар қатыса алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.