Қазақстандық 20 жастағы боксшы BoxRec рейтингінде жоғарылады

0 0

Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов титулдық кездесуде мерзімінен бұрын жеңіске жеткеннен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Оған бос тұрған белбеуге талас жекпе-жекте мексикалық Абрахам Хуарес қарсылас болды. Кездесу Канаданың Монреаль қаласындағы бокс кешінде өтіп, 10 раундқа жоспарланған еді, бірақ төртінші раундта аяқталды.

Мексикалық екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатуды ұйғарды. Осының нәтижесінде қазақстандық боксшы бірінші орта салмақта WBC тұжырымы бойынша «жастар» чемпионы атанды.

Осы жекпе-жектен соң Ахмедов BoxRec рейтингінде 116 сатыға көтерілді (201-ден 85-орынға). Оның қарсыласы 103-орында тұрған еді, алайда тізе бүккен мексикалық 103 сатыға төмендеп, 206-орыннан көрінді.

Ахмедов осымен кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізіп отыр. Ол 2018 жылы дебют жасап, қарсыласын уақытынан бұрын жеңген болатын.

Ал әуесқой бокста Ахмедов 2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз болған. Оның мүддесін Eye of the Tiger Management атты канадалық промоутерлік компания қорғайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.