Таразда биыл жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 3 индустриалдық жоба іске қосылады

0 3

Таразда биыл жалпы құны 7,9 млрд. теңгені құрайтын 3 индустриалдық жоба іске қосылатын болады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов халық алдында есеп беру барысында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шаһар басшысының сөзінше, аталған жоба аясында «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1,9 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тоннаны құрайды. Нәтижесінде, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ,  «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысы жүргізілуде. Жобаның құны 2,2 млрд. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылуы күтілуде. Сонымен бірге, ағымдағы жылы «СП-Тараз PET» ЖШС-нің қолданыста болған пластикалық бұйымдарды қайта өңдеу бойынша зауыт салу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны – 3,9 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары — 64 бірлік.

Айта кетейік, индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында «Сәуле» ЖШС-і кондитерлік фабрика құрылысының 2-кезеңін іске асырды. Жоба құны 850,0 млн. теңге, жылдық  қуаттылығы 4,5 мың тонна,  ашылған  жаңа  жұмыс  орындары 70 бірлік.  Жоба 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылды.

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 69,2 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 104,1% құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.