Елімізде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы түрленеді

0 11

Бұдан былай бұл жұмысты «Бір үй – бір мүліктің меншік иелері бірлестігі – бір шот» қағидасы бойынша іске асыру көзделген.

Оның мәнісі мынады. Бұрын пәтер иелері кооперативі бірнеше үйге иелік етіп, тұрғындардың жинаған ақшасын тек бір ғана шотқа сақтайтын. Кесірінен қай үйге қанша қаражат жұмсалғанын анықтау қиын еді. Енді әр үйге дербес шот ашылып, тұрғындар өздерінің жинаған ақшасын ашық түрде бақылай алады. Жаңа жобаны жүзеге асыруға арнайы жұмыс тобы құрылған. Олар қоланыстағы заңға өзгеріс енгізіпті. Қазір аталған құжат Мәжілістің қарауында.

Марғұлан Әбдікәрімов, ҚР ИИДМ департамент директорының орынбасары:

— Бүгінгі күні елімізде пәтер иелері кооперативінің жұмысына көңілдері толмай жатқан адамдардың саны көп. Олар коопертив басшыларына сенбейтін болған. Әсіресе үйді жөндеуге бөлінген ақшаның қалай жұмсалғанын білмей жатады. Сондықтан бұл салаға өзгеріс енгізу қажеттігі туындады. Қазір арнайы құрылған жұмыс тобы қолданыстағы заңға бірнеше өзгеріс енгізіп, соның аясында жұмыс істеп жатыр.

Қазір елімізде 78 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың 25 процентке жуығы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Апатты жағдайда тұрған үйлердің саны 1 мың 300-ден асады. Министрлік бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобы іргесі сөгілген үйлерді қалыпқа келтіру үшін пилоттық жоба әзірлепті.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.