Ғалымдар қандай шайдың адам өмірін ұзартатынын анықтады

0 0

Дәрігерлер шайдың бұл түрлерін онкологиялық аурулардың алдын алу үшін пайдалануға кеңес беріп отыр. Америкалық ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізіп, көк және қытайлық улун шайының пайдасын анықтады. Шайдың бұл түрлері қатерлі ісікке қарсы күресте тиімділігін көрсеткен. 

Сент-Луис университетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, көк және улун шайының рак жасушаларының таралып, аурудың дендеп кетуіне жол бермейтінін анықтады. Мамандардың айтуынша, қара шайдың мұндай пайдасы жоқ.Сондай-ақ, зерттеушілер Қытайда сүт безі қатерлі ісігіне шалдығу және өлім-жітім деңгейіне сараптама жасап, тұрғындар улун шайын көп ішетін өңірлерде онкологиялық аурулар көрсеткіші төмен екенін анықтап отыр, деп жазады Daily Mail.

Қытайлық улун шайының денсаулыққа пайдасы туралы ежелден белгілі. Оның құрамында кофеин, витаминдер, минералдар мен антиоксиданттар бар. Мұның бәрі ми, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, диабеттің алдын алып, салмақ тастауға көмектеседі.

Енді ғалымдар улун шайы рак жасушаларының өсімін тежейді деген қорытындыға келді.

«Улун шайы мен көк шайдың сүт безі қатерлі ісігі жасушаларының таралып, аурудың асқынып кетпеуіне ықпалы бар. Сондықтан шайдың бұл түрлерін онкологиялық аурулардың алдын алу мақсатында кеңінен пайдалануға болады», — дейді дәрігер Чуньфой Хуанг.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.