Таразда «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда

0 1

Таразда бизнесті дамытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Астана қаласы тәжірибесі негізінде «Көше саудасы – 100 орын» жобасы іске асырылуда. Бұл туралы шаһар басшысы Ғалымжан Әбдірайымов халық алдында атқарылған жұмыстарға есеп беру жиынында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ғалымжан Райылұлының айтуынша, қазіргі кезде бір типті дүңгіршектердің эскизі әзірленді. Белгіленген жер телімдері бойынша «Тараз – Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 3 аукцион өткізіліп, 32 жер телімдері жеке кәсіпкерлерге жалға берілді, тағы 61-нің құжаттары дайындалуда. Қазіргі таңда, жеке кәсіпкерлер тарапынан бір типті дүңгіршектерді орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, мемлекет басшысы шағын орта бизнесті дамыту мәселелеріне басымдық бере отырып, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету керектігіне аса назар аударып отыр. Осы орайда, қалада қазіргі уақытта 32 712  кәсіпкерлік  субъектілері тіркелсе, оның ішінде 26 292 жеке кәсіпкер, 116 шаруа қожалықтары, 6273 шағын және 31 орта кәсіпорындары бар.

Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі 43,9 млрд. теңге болып, қала бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің 18,3% құрап отыр.

Тағы бір жаңалық. Есепті кезеңде Тараз қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 43,7 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 112,1% құрап отыр. Өткен жылы бюджет есебінен жалпы сомасы 17,5 млрд. теңгеге 67 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 18 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.