Меркі ауданына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары іс-сапармен келді

0 2

Бүгін Меркі ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттары Фахриддин Қаратаев пен Сапар Ахметов жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс сапар барысында алдымен №9 Меркі колледжі білімгерлерімен кездесіп, олармен ой-бөлісіп, сұхбаттасты.

— Білім алып, әрқашанда ізденісте болып, өздеріңді дамытыңдар. Білімді ғаламтордан емес кітап беттерінен іздеңдер, кітаптан оқыған санада, ойда мәңгілік қалады. Кітапханаларға барыңыздар, өз өздеріңізді алдыға жетелеңіздер, сіздердің араларыңызда қоғам қайраткерлері, министрлер, білікті мамандар, әнші, ақындар жүрген болар. Сол талант, дарынды ашуға тырысыңдар, — деп Сапар Қайратұлы жастарды алдағы атқарылатын іс-шараларға атсалысуға шақырды.

Сонымен бірге, астаналық депутаттар тамақтану, жатақхана, стипендия жағдайы туралы білімгерлерден сұрап, жағдаймен танысты.

Колледж білімгері Меруерт Нәметқұл мұнда бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыратынын, стипендия уақытылы түсетіндігін, білім сапасы жоғары, көршілес аудандардан да келіп оқитын балалардың бар екендігін жеткізді.

Айта кетсек, колледжде электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары, токарлық іс және металл өңдеу, дәнекерлеу ісі, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, фермер шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытылады.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан осы колледж білімгерлеріне 275 грант бөлінсе, оның ішінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы»  шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 50 грант бөлінген. Жалпы мұнда 691 білімгер арнаулы мамандық саласын оқуда.

Ал келесі кезек сұрақ-жауапқа беріліп, колледж аспазшысы келген қонақтарға Елбасына алғыс жеткізуді ұсынды. Ол осындай бейбіт, тыныш, ынтымақты, экономикасы дамыған елде өмір сүріп жатқанымыз Елбасының сарабдал саясатының арқасы» деп жалақасының көтерілгеніне қуанышты екенін бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.