Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі өзгерді

0 0

2019 жылы қаңтарда ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері 26 915 теңге болды.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы қаңтарда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8 пайызға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,5 пайыз, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқа 16,5 пайыз, жемістер мен көкөністер 8,3 пайыз, нан және жарма өнімдері 7,5 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштер 2,2 пайыз болды.

Ең төмен күнкөріс деңгейі — шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Дереккөз: tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.