Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспекторды марапаттады

0 0

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев браконьерлердің қолынан қаза тапқан «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиевті орденмен марапаттады.

Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марқұм қорықшы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды.

Президент жарлығына сәйкес, әріптесімен браконьерлерді тоқтатпақ болған инспектор Петр Ницык дәл сондай орденмен марапатталыпты.

Жарлық Ақорда сайтында жарияланған.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданында браконьерлер «Охотзоопром» кәсіпорнының екі инспекторына оқ жаудырған болатын.

Қорықшылар Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницык күдікті аңшылардың құжаттары мен көліктерін тексермек болыпты. Көлікті қарап жатқан қызметкерлерге үш браконьер шабуыл жасайды. Оқиға салдарынан Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.