Меркі ауданында биыл 6 медициналық пункт соғу жоспарлануда

0 0

2019 жылы Меркі ауданы бойынша 6 медициналық пункт, 2020 жылы тағы да 6 медициналық пункт соғу жоспарда бар. Сонда медициналық пунктілермен елді-мекендерді қамтамасыз ету 100 пайызға толықтырылып, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында үздіксіз қызмет етеді деген сенімдеміз, — деді аудан әкімі Мейірхан Өмірбеков халық алдында есеп беру жиынында. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Елбасы Н.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын» — деген болатын.

Соның бірі Тұрлыбай батыр ауылдық округінде 5 келушіге арналған медициналық пункт. Бұл нысанды «Промхиммонтаж» акционерлік қоғамының құрылысшылары құны 26,403 мың теңгеге алты ай көлемінде соғып, ел игілігіне пайдалануға берді. Мекеме меңгерушісі З.Кенжатаева 20 жылдық тәжірибесі бар маман. Өз ауылында осындай ғимараттың ашылып, халықтың денсаулығы назардан тыс қалмай, шалғайда тұрған ауыл болса да заманауи жабдықтармен қамтылған медициналық пунктінің соғылғанына дән риза.

Сонымен қатар, «Мыхан» ауылындағы 15 келушіге арналған сметалық құны 34 993 мың теңге және Екпінді ауылындағы 10 келушіге арналған құны 29, 906 мың теңгеге дәрігерлік амбулаториялық пунктілерді «Жанайымқұрылыс» ЖШС-і жүргізіп, пайдалануға берді.

Жекеменшік әріптестік негізінде соғылған бұл медициналық нысандар облыс басшысы Асқар Исабекұлының тапсырмасымен қаражатты үнемдеп, тиімді пайдалану қағидаты негізінде салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.