Елбасы өртте қаза болған балалардың отбасына көңіл айтты

0 8

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты.

«Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды.

Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын.

Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.

Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.

Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдаған жөн», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді.
Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Бүгін 5 баланы елордалықтар ақтық сапарға шығарып салды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.