Таласта төрт түлік саны артып келеді

0 8

Талас ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдері 10 млрд. 954 млн. теңгеге  өндіріліп, артығымен орындалған. Бұл туралы аудан әкімі Досмаханбет Әлиевтің қорытынды есебінде айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл көрсеткіш  2017 жылмен салыстырғанда 103 млн.  500 мың теңгеге артық өндірілді. Нақты көлем индексі 102,6% құрады. Сондай-ақ, мал басы 2017 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 25 470 басты құрап яғни 14%-ға өсті, қой-ешкі 362 640 басты құрап 9,8% — ға және жылқы 10 354 басты құрап 17,9%-ға өсті. Ал түйе 2083 басты құрап 5,8%-ға өссе, үй-құстары 35420 басты құрап 47,1%-ға өскенін көрсетіп отыр.

Ауданда мал мен құс еттері 2017 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет 12 мың 169  тонна яғни 102,5%-ға өскен. Ал 2018 жылы «Меркі ет комбинаты» ЖШС-не және Тараз қаласындағы «Оңтүстік халал ет тағамдары» ЖШС-не 263 тонна қозы етін өткізу жоспарланып, 264 тонна өткізілді. Сиыр еті экспорты бойынша жоспар 50 тонна болса, оның орындалуы 52 тоннаны құрадыМал бордақылау бойынша  қазіргі таңда 8 мүйізді ірі қара, 6 қой бордақылау алаңдары бар. Алаңға бұқашық және етке қозы өткізуге 12 өтінім бойынша 21 млн. 934 мың теңге субсидия бөлінді.

Бұған қоса, 2018 жылы «Сыбаға», «Іскер» бағдарламасы бойынша  24 шаруа қожалықтары 190 млн. 475 мың тенге несие алды. Атап айтқанда, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша шет елден есепті мерзімде 3 шаруа қожалығы 77 млн. тенгеге 131 бас ірі қара малын сатып алып, жоспар 127 пайызға орындалды және осы бағдарлама бойынша 7 жоба, құны 85 млн. 700 мың теңгеге 3075 бас қой сатып алынды.

Сонымен қатар, «Әулие-Ата» несие серіктестігінен «Іскер» бағдарламасы бойынша  20 шаруа қожалығы 115 млн. 275 мың тенге несие алып, оған 3088 бас қой және 122  бас ірі қара малын сатып алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.