Биыл Жамбыл облысының 80 жылдығы тойланады

0 0

Биыл Жамбыл облысының 80, Т. Рысқұловтың 125, облыстық «Знамя труда» газетінің 100, облыстық «Jambyl» телеарнасының 30 жылдығы және «Бірлік түбі – береке» қоғамдық форумын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 2018 жылы Өңірлік коммуникациялар алаңында 165 брифинг өткізіп, республика бойынша 4 орынды алдық. Сондай-ақ, өткен жылы облыс бойынша әкімдіктер мен басқармалардың баспасөз хатшыларына арнайы 3 оқыту семинары өткізіліп, барлық мекемелердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары қайта жаңартылып, белсенді жұмыс жүргізуде. Әр мекеме жұмысының ашықтығы қамтамасыз етіліп, қоғам белсенділері көтерген мәселелер уақытылы назарға ілінуде.

Бүгінде, әлеуметтік желілер бойынша Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің ресми парақшаларында жалпы 4634 пост жарияланып, 313 486 адам қамтылды.

Басқарманың ендігі кезектегі негізгі жұмысы — 1 қарашада бекітілген жаңа Елтаңбаны ауыстыруға бағытталатын болады. Жергілікті атқарушы органдар мен білім беру мекемелері 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін, аумақтық департаменттер мен басқармалары 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ауыстыру тапсырылды. 2019 жылға Жергілікті атқарушы органдар тарапынан 140,7 млн тг. қаралған.

«Ішкі саясат саласында азаматтық қоғам институттарымен тығыз қарым-қатынас орнату ерекше маңызға ие. Өңірде 87 этнос өкілдері тұрады, 26 облыстық, 1 қалалық және 47 аудандық этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді. 854 үкіметтік емес ұйым (КЕҰ) тіркелген. Олардың 60,0%-ы облыс орталығында, 40,0%-ы аудандарда шоғырланған. ҮЕҰ-дың 200-ден астамы белсенді жұмыс атқаруда. 6 саяси партияның филиалдары жұмыс атқарады. 2018 жылы облыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 49 бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржы қарастырған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа (МӘТ) жоспарланған қаржы сомасы – 814,8 млн тг., жоспарланған жобалар саны – 240 құрады (2017ж. – 706,6 млн). Жоспарланған МӘТ көлемінің 70,0%-ы (590,0 млн тг.) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен бөлімдер тарапынан бөлінген», — деді Берік Уәлиұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.