Таразда көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылады

0 4

Таразда қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылатын болады. Аталған жұмыстар туралы қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов халық алдындағы есеп жиынында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шаһар басшысының айтуынша, үстіміздегі жылы Төле би даңғылының бойымен Ғ.Байтасов көшесінен төмен қарай бастап Көшеней көшесіне дейін жаяу жүргіншілер аймағының (Арбат) құрылысы жүргізілетін болады. Осы аумақпен жолаушыларды тасымалдайтын 26 бағыттағы қоғамдық көліктердің өтетінін ескере отырып, аталған «Арбат» аймағын айналып өту үшін Байзақ батыр көшесін кеңейту (Төле би даңғылынан Ташкент көшесіне дейін), Байтасов көшесін (Төле би даңғылынан Көшеней көшесіне дейін) орташа жөндеу жұмыстары мен Көшеней көшесінен Аққозиев көшесіне шығатын жолдың құрылысы жоспарлануда.

Сондай-ақ, көшелерді жарықтандыру бойынша өткен жылы Төле би көшесіндегі темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, шамдарын светодиодтық шамдарға ауыстыру және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары аяқталса, дәл осындай жұмыстар Қ.Тұрысов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин, Д.Шестокович көшелерінде аяқталды. Осы бағытта 2019 жылы қосымша 27 көше мен 2 даңғыл бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

«Ал, қаланың басқа да көшелері бойынша талдау жүргізіліп, ең алдымен қажетті көшелерді кезең-кезеңімен жөндеуге 2019-шы жылдың бюджетті нақтылауда қаржы қарастырылатын болады. Бұл бағытта 83 жобалық-сметалық құжаттамалар дайын, қазіргі кезде әр көшенің төлқұжаты дайындалуда» — деді Ғалымжан Райылұлы.

Айта кетейік, бүгінде қалада 10 «ақылды бағдаршамдар» орнатылды.  Олар Балуан Шолақ — Жібек Жолы, Жібек жолы — Самарқанд,  Төле би даңғылы — Әл-Фараби, Абай даңғылы — Ташкент, Төле би даңғылы – Аққозиев, Тәуке хан – Саңырақ батыр, Жамбыл даңғылы – Көшеней, Жамбыл даңғылы – Қазыбек би, Жамбыл даңғылы – Қонаев және Тәуке хан – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында. Сонымен қатар, 2019 жылы пилотты жоба ретінде «Астана» мөлтек ауданында 8 аула «ақылды жарықтандырумен» қамтамасыз етілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.