Жамбыл облысындағы асуларда жол жабылды

0 1

Ауа райының бұзылуына байланысты Жамбыл облысындағы асуларда жол жабық деп хабарлайды «ZhambylNews» Қазавтожолға сілтеме жасап.

Бұған қоса, Екатеринбург-Алматы көлік жолының Қарағанды мен Балқаш арасындағы бөлігінде, Алматы-Өскемен тас жолының Алматы облысындағы Үшарал ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылған. Үшарал-Достық бағытындағы жолдың Көктұма ауылынан Достық ауылына дейінгі аралығы жабылған.

Сондай-ақ, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында барлық бағыттағы жолдар жабылған. Астана қаласынан шығатын жолдар да жабық тұр.

Ал Шығыс Қазақстан облысында дизель отынымен жүретін көліктердің алыс жолға шығуына тыйым салынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.