Мемлекеттік қызметкерге еркін киінуге мүмкіндік берілмек

0 0

Мемлекеттік қызметкерлерге жұма күні еркін киінуге мүмкіндік берілмек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, аталған жоба пилоттық негізінде жүзеге асырылмақ.

«Корпоративтік сектордың жақсы жақтарын алудан ұялмау қажет. Биыл агенттік пилоттық жоба негізінде casual яғни жұма күні дресс-кодсыз киіну тәжірибесін енгізді. Корпоративтік секторда бұл жұмыс істейді. Жеке өңірлерде аталған мәселе көтерілген. Енді біз оны қарастырамыз. Себебі, мемлекеттік қызметте сенімді қарым-қатынас орнату маңызды. Бұл мамандардың әлеуетін аттыруға мүмкіндік береді», — деді төраға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2018 жылды қорытындылауға арналған отырысында.

Айта кетейік, осыған дейін сарапшы Рахим Ошақбаев Түркістан полициясы 422 млн теңге кресло сатып алғысы келетінін, Астана әкімі Бақыл Сұлтановтың қала шетіндегі уақытша баспаналар (времянка) мәселесін қалай шешетінін, өткен жылы қанша шенеунік парамен ұсталғанын, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жалған медициналық анықтамалармен күресудің жолын ұсынғанын, Мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі өзгеретінін хабарлағанбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.