Жаңа жұмыс орындар ашылады

0 3

Сарысу ауданы әкімі Балабек Нарбаевтың Жаңарық ауылдық округінде жалғасын тапты. Жылдық жұмысын саралаған аудан басшысы халықтың көкейіндегі талап тілектерін тыңдап, сан түрлі сауалдарына жауап берді.

Ақтоғай, Түркістан елді мекендері тұрғындарымен кездескен аудан әкімі өткен жылғы жұмыстарды баяндап, 2019 жылы атқарылатын жұмыстар жайын таныстырды. Ал ауыл тұрғындарының негізгі айналысатын шаруалары мал шаруашылығы.

Мұнда мемлекет тарапынан бұл салаға көрсетіліп жатқан көмек пен кәсіпкерлікті дамыту үшін қысқа мерзімді курс оқып, несие алып өз шаруаларын дөңгелетіп отырғандар да бар. Сол секілді баспаналы болуды   аңсайтын тұрғындар үшін 7-20-25 бағдарламасы көңілге қонымды болып тұр. Аудан әкімінің сөзіне қарағанда биылғы Жастар жылында жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бұл Сарысудағы қарашаның хал –ахуалын жақсартуға сеп болар деген үміт бар.

— Біздің ауданда концелиринновий сода зауытын ашамыз деп келісім шартқа қол қойылды. Оның инвестицияға бізге тартылатын 88,8 млрд теңге. 500 адам ол зауытқа жұмыс істейді. Оғанда бірталай жұмысшылар тартылады. Одан бөлек Ауған мемлекетінен келген бизнесімендер Ынталы ауылында бос жатқан жерге 1 га алма егеміз, — дейді аудан Балабек Нарбаев.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.