«Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады — Сағынтаев

0 0

Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы «Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген жауабында айтылған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың соңына қарай жоспарланған», — деді Үімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазақ-қырғыз шекарасындағы қалған алты бекеттің жаңғырту жұмыстарын қажет етпейтіндігін, көлік құралдары мен жолаушылардың үздіксіз ары-бері өтуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.