Сарысу ауданында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 7,8 млрд теңгенің өнімін өндірген

0 3

Сарысу ауданы бойынша 2357 шағын және орта бизнес нысандары тіркеліп, жыл ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 7,8 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл туралы аудан әкімі Балабек Нарбаевтың есебінде айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ал қалада бос тұрған 180 пәтерлі 2 көпқабатты үй жөндеуден өткізілсе, азаматтар өз қаржылары есебінен 10 жеке тұрғын үйдің құрылысын жүргізді.

Аудан әкімінің айтуы бойынша ауыл шаруашылығы саласы да жоғарғы көрсеткішіті көрсетіп отыр. Мал шаруашылығында ірі қара мал басы 5,0%-ға, қой-ешкі 5,3%-ға, жылқы 11,6%-ға, құс 4,0%-ға ұлғайған. Қала көшелерін электр үнемдегіш лампаларға ауыстыру, бағаналарға әр түрлі кескіндегі жарық сымдарын орнату жұмыстары жалғастырылған. Саябақтар мен алеялар ретке келтіріліп, орталық саябаққа карусель мен аттракцион орнатылған. Орталық алаңдағы кешкілік серуен орны азаматтар мен балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында орталық саябақ аумағына көшіріліп, жарықтандырылды. Ал меценаттар тарапынан кітаптар шығарылып, орталық алаңда тегін интернет жүйесін орнатқан. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларға әрдайым көмек көрсетіп қайырымдылық іс-шараларын өткізіп келеді.

Сонымен қатар, биылғы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығы қарсаңында аудан әкімінің бастамасымен «Ұрпақтар» аллеясына «Белгісіз солдат» ескерткіш орнатылды. Қалада спортпен тұрақты түрде айналысатын 6 мыңнан аса адам бар. Олардың жалпы тұрғындар ішіндегі үлесі 28,6 пайызды құрайды. Жыл ішінде 9600 тұрғын қатысқан 110 қоғамдық спорттық іс-шаралар өткізілді. Халықтың дене шынықтырумен айналысуы үшін 37 нысан қолжетімді.

Бұған қоса, 2 спорт мектептеріндегі үйірмелерге 1121 балалар қатысады. Олар әр түрлі деңгейдегі жарыстарда 250 медальдарға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.