Жамбылда 15 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы 6 айға дейін тоқтатылған

0 1

Өткен жылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 86 іс қозғалды. Оның 70-і департаментпен қаралып, 1710 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. 15 білім беру ұйымының лицензияларының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімдерге тоқтатылды. Бұл туралы облыстық білім саласындағы бақылау департаменінің басшысы Дәмеш Үскімбаеваның есебінде баяндалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Департаментпен қозғалған 16 әкімшілік іс сотқа жолданып, соттармен 605 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған. 3 заңды тұлғаға қатысты әкімшілік істер қысқартылды.

Сондай-ақ, білім беру қызметін лицензиялау бойынша 2018 жылғы 28 желтоқсанға дейін 511 өтініш түсті. Оның 21-і лицензия алуға, 218-і лицензияға қосымша алуға, 220-ы атауының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта рәсімдеуге, 35-і лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге, 11-і лицензияның қолданысын тоқтатуға, 6-ы лицензияның қосымшасының қолданысын тоқтатуға өтініш жасаған.

Ал қарау нәтижелері бойынша 223 өтінішке бас тартылды. Бас тарту «Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды толық ұсынбау, ҚР БҒМ 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес келмеу себебінен туындады.

Сонымен қатар, департамент басшысы мен қызметкерлері 2019 жылғы 17-19 қаңтар күндері аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті, Жаңатас, Шу қалалары және Қордай ауданында ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуіне қатысты. Айта кетейік, облыс бойынша 8331 бітірушінің 1993-і  өтініш беріп, 1865 ҰБТ-ге қатысты. Орташа балл — 63,95 балды құрап отыр..

Leave A Reply

Your email address will not be published.