Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады

0 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылы 12 тамызда Ақтауда Бесінші Каспий саммиті өтті. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қою үшін Әзірбайжан, Иран, Түркменстан және Ресей президенттері ұшып келді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.