Жамбылда 22 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталды

0 0

2018 жылы Жамбыл облысында обырды ерте кезеңде анықтау көрсеткішін арттыру мақсатында скринингтік бағдарламалар қарқынды жүрген. Бұл туралы облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов баспасөз конференциясында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған бағдарлама аясында 44191 әйел сүт безі обырын анықтайтын скринингтік тексеруден өткен. Тексеру барысында 72 әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды, оның ішінде I дәрежесінде 16 адам және II дәрежесінде 56 адам тіркелген. Сүт безі қатерлі ісігі бойынша берілген құжаттарға сәйкес әйелдердің жасы 40 тан 70 жасқа дейін. Олар 40 жастан бастап әр 2 жыл сайын жергілікті емханаларда маммографиялық тексеруден өту қажет.

Ал жатыр мойны обырын анықтаудан 57056 әйел скринингтік тексеруден өтіп, тексеру барысында 22 әйелден жатыр мойны қатерлі ісігі анықталды. Оның ішінде I дәрежедегі 9 адам, II дәрежедегі 13 адам тіркелді. Қазір емдеу нәтижесі жақсы көрсеткішті көрсетуде. Жатыр мойны қатерлі ісігі бойынша берілген құжаттарға сәйкес әйелдердің жасы 30 дан 70 жасқа дейін, яғни әр әйел 30 жастан бастап әр 4 жыл сайын жергілікті емханаларда әйелдерді тексеру кабинетінен цитологиялық тексеруден өту қажет.

Сондай-ақ, тоқ ішек және тік ішек обырын анықтаудан 48253 адам скринингтік тексеруден өтті. Тексеру барысында 18 адамнан тоқ ішек қатерлі ісігі аныталды.

Айта кетейік, скринингтік бағдарламалар өткізу арқылы көптеген онкологиялық аурулар ерте кезеңде диагностикалануы мүмкін. Скринингтердің нәтижелілігі үшін халықтың осындай бағдарламаларға белсенді түрде қатысуы және дәрігерлердің ұсыныстарын орындап, тексерілуден өтулері керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.