Қазақстандық спортшы әлем чемпионы атағын жеңіп алды

0
24

Фристайлшы Юлия Галышева әлем чемпионатында алтын медаль алды және Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

26 жастағы Юлия Галышева АҚШ-та фристайлдан өткен әлем чемпионатында алтын жеңіп алды.

Әлем чемпионатының ақтық сынында Галышеваға қазылар алқасы 79,14 ұпай берді.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, АҚШ-тағы жарыста жеңіп алған медаль Галышеваның қоржынындағы алғашқы чемпиондық жүлде болып отыр.

“2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері ақтық сында қарсыластарынан басып озды. Ол 79.14 ұпай жинап, жеңіске жетті”, — деп хабарлады комитеттегілер.

Австралиялық Энтони Джакара 78.99 ұпай жинап, екінші орын, ал өткен жылы Олимпиада чемпионы болған франциялық Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен үшінші орын алды.

Әлем чемпионатындағы жеңіс Галышеваға алтын медаль ғана әкелген жоқ, ол Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Галышева осы маусымда әлем кубогының кезеңдерінде үш медаль жеңіп алды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here