Жамбылдық полицейлер арасында жауынгерлік қарудан ату жарысы өтті

0 14

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің жауынгерлік қарудан ату және нормативтерді орындау жарысы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басшы құрам арасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі М.Ережепов үздік нәтиже көрсетті. Ал ерлер арасында нормативтерді орындауда үздік нәтиже көрсеткені үшін Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы полиция лейтенанты А.Маханбет марапатталса, әйелдер арасында нормативтерді орындауда Жамбыл облысы Полиция департаменті Техникалық қамтамасыз ету басқармасы технигі полиция сержанты Д. Борозенцева үздікдер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, ерлер арасында жауынгерлік қарудан бірінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы полиция лейтенанты А.Маханбет иеленді, екінші орынға Мойынқұм аудандық полиция бөлімі полиция капитаны Н.Нұрхожаев жайғасты, ал үшінші орын Жамбыл аудандық полиция бөлімі полиция капитаны А.Пазиевке бұйырды.

Әйелдер арасында жауынгерлік қару атудан бірінші орынға Меркі аудандық полиция бөлімі полиция майоры А.Арибаева ие болды, екінші орынды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны О.Семенова алды, ал үшінші орынды Байзақ аудандық полиция бөлімі полиция лейтенанты А.Амирханова қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Ералин марапаттады. Командалық есепте үздік атанып Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кадр жұмысы басқармасы бірінші орынға шықты, екінші орынға Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны орналасты, ал үшінші орынды Жамбыл аудандық полиция бөлімі алды. Жүлдегерлер арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.