Жамбылдық ақындар футболда бақтарын сынады

0 0

Ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Тараз қаласында «Ақынға парыз көп ойлау, артық емес доп ойнау» атты кіші футбол жарысы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған кіші футбол жарысына Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстары, Шымкент және Тараз қалаларының айтыскер ақындары мен жазба ақындары қатысып өз бақтарын сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Түркістан облысы жеңіп алса, ІІ-орынды Мұxтар Ниязов бастаған Қызылордалық ақындар иеленді. Ал ІІІ-орынды Тараздық ақындар қанжығасына байлады.

Айта кетейік, жарыста 7 команда сынға түсті. Олар Жамбыл облысынан үш команда, Алматы, Түркістан, Шымкент және Қызылорда командалары. Бұл жолдастық кездесудің ең үздік қақпашысы болып Е.Қамбатыров ағамыз танылса, үздік шабуылшы болып Рүстем Қайыртайұлы анықталды. Ал үздік ойыншы болып танылған сыр елінің сүлейі Мұxтар Ниязов.

Жарыс соңында Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс xаттар табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.