Шудың шырайын келтіретін жобалар ағымдағы жылы іске асырылады

0 2

Шу ауданында ағымдағы жылы бірқатар жобалар іске асырылмақ. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Шу ауданындағы «A & T – Энерго» ЖШС қуаттылығын 4,6 МВт-тан 9,2 МВт-қа көтермек.   Гидроэлектростанцияның құрылыс жұмыстары 2019 жылға жоспарланған. Жалпы сомасы — 1 млрд. 980 млн.  Құрылыс барысында 40-50 адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ, Алға округінің аумағанда күн электр станциясы салынады. Қазір «M-KAT GREEN» ЖШС-іне  500 га. жер бөлінді. Станцияның қуаттылығы 135 МВт. Жобаның құны- 44 млрд. теңге. Қазіргі таңда 500 га. жер аумағын қоршап, грейдермен жерін тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Шу қаласының қант зауыты мөлтек ауданы аумағынан «ХОЗУ Агро Систем» ЖШС-не Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы №52 қаулысы негізінде іздестіру жұмыстарына 4 гектар жер берілді. «ХОЗУ Агро Систем» ЖШС-і «Қант қызылшасы мен қант құрағын өңдеу, қант және лимон қышқылын шығару» зауытын іске қосуды жоспарлауда. Жобаның іске асырылу мерзімі 2019 жылдарға жоспарлануда.

«Qyzylsha» ЖШС-нің бас директоры — Мерлан Бейбітбекұлы. Құны 80 млрд. теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылса күніне 8000 тонна қант қылшасы қабылданып, жылына 116 000 тонна қант өнімін өндіреді деп жоспарлануда. Жоба іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамтылады.

Тағы бір жаңалық. Қазіргі таңда Шу ауданында қант қызылшасын өсіру жоспарлануда, жоба іске қосылғанда 50 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде аудан жерінен қант қызылшасын себуге 300 га жер телімі берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.