Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

0 0

Синоптиктер 2019 жылдың 12-14 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Республикамызда өткінші температураның төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батыс және оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша Республикамыздың оңтүстік облыстары арқылы циклон жылжып, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауын және жауын-шашын тудыратын болады. Ал Қазақстанның қалған аймағы антициклонның ықпалында жауын-шашынсыз ауа райында болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.