Жамбылдық балуан Париж төрінде жүлделі болды

0 0

Париждегі дзюдодан  өткен әйгілі Grand Slam турнирінде жерлесіміз Елдос Сметов күміс жүлдегер атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews « Ақпараттық Агенттігі.

Әлемнің 97 мемлекетінен 570 спортшы қатысқан бәсекеде 60 келіде белдескен жерлесіміз іріктеу айналымында америкалық Давид Агоглианы, грузиялық Джаба Папинашвилиді жеңді.

Өз тобындағы шешуші белдесуде Сметов чехиялық Давид Пулкрабектен иппон әдісімен басым түсті. Жартылай финалда Елдос моңғолиялық Амартувшин Дашдавамен белдесіп, таза жеңіске жетті.

Алайда әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен өткен финалдық кездесуде Елдос Сметов есе жіберіп алды.  Бұл  Келер жылы олимпиадаға баруға үмітті Елдос Сметовтың жаңа маусымдағы алғашқы медалі екенін айта кеткен жөн. Сондай ақ, Париж төріндегі додада Қазақстандық Ислам Бозбаев та күміс алса, 48 келідегі Отгонцецег Галбадрах Қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасы 22-24 ақпан күндері Дюсcельдрофтағы (Германия) Grand Slam турниріне қатысады.

Авторы: Жазира Ережепбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.