Таразда “Нұр Отан” партиясының 20 жылдығына орай ғылыми еңбек жарық көрді

0
47

Таразда «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай  «Антикоррупционная политика партии «Нұр Отан»: региональный аспект» атты монографиялық еңбектің тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Аталған монографиялық еңбектің авторы “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Бақтияр Алдашов.

Еңбекте автор партияның қатысуымен Қазақстанда жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың дамуы мен ерекшеліктерін көрсетіп, отандық және шет елдік тәжірибенің өзекті мәселелері талқыланған. Монографияда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жергілікті жерде жүзеге асуына басымдық берілген.

Төрт тараудан тұратын монографиялық еңбекте автор партияның құрылу тарихына тоқталып, одан соң қоғамның қас жауына айналған жемқорлықпен күресуде атқарылып жатқан жұмыстарды халықаралық тәжірибемен салыстырып көрсетеді. Оның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағы, Еуроодақ және Еуразиялық экономикалық одағы елдеріндегі жемқорлыққа қарсы күрес саясатына тоқталады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының осы бағыттағы бағдарламалары мен іс-шараларының аймақтарды іске асуы жайлы және өз ұсыныстарын да тарқата жазып, түсіндіреді.

Ғылыми еңбек заң және ғылым саласы, партия қызметкерлері, сонымен қатар студенттер мен докторанттарға, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде Қазақстандағы саяси процесстерге қызыға қарайтын оқырмандарға арналған.

Сонымен қатар, іс-шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселелерінде ортақ күш-жігерді біріктіру мақсатында жасалған құжатқа «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы, «Нұр-Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесі төрағасы, Жамбыл облыстық Кәсіподақтар Орталығы төрағасы, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы, Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының директор және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы қол қойды.

Авторы: Жазира Ережепбаева

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here