«Қазтелерадио» спутниктік сигнал сапасының нашарлағанын ескертті

0 2

2019 жылдың 26 ақпанынан 7 наурызына дейін байланыс және хабар тарату каналдары сапасының нашарлауы мүмкін, — деп хабарлады «Қазтелерадио».

Республикалық ғарыш байланысы орталығының дерегі бойынша, аталған кезеңде көктемгі күн интерференциясы болуы мүмкін.

«Жаһандық ауқымда күн интерференциясы жылына екі рет жүреді. Көктемде интерференция алғашқыда жердегі солтүстік жартышардағы стансаларына әсер етсе, кейін оңтүстік жартышарға ауысады. Күзде барлығы кері бағытта жүріп өтеді», — делінген хабарламада.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.