Жамбыл облысында оқушыларға арналған 5 мыңнан астам рейд ұйымдастырылды

0 4

Жамбыл облысында оқушыларға арналған 5 мыңнан астам рейд ұйымдастырылды. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық Ішкі істер департаментің ЖПҚ Ювеналдық полиция бөлімінің басшысы Қуанышбек Қалжанов, облыс әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Бахыт Жақсылықованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Спикерлердің айтуынша, облыстағы білім беру ұйымдарында 2018 жылы құқық бұзушылықтың алын алуға бағытталған барлығы 1789 іс-шара (452 — кездесу, 548-дөңгелек үстел отырыстары, 244  пікірталас, 96 конференция, 449 семинар-тренингтер) ұйымдастырылып, оған 218 мың оқушы қамтылды. 153 мың оқушыдан құқықтық білім тақырыптары бойынша 584 сауалнама алынып, 2 мыңға жуық ашық тәрбие сағаттары өткізілді, 5 мыңнан  астам рейдтік іс-шараларға 8 мың білім саласының қызметкерлері қатысты.

Бүгінде мектептерде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикалық шараларына  196 құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасарлары, 374 әлеуметтік педагог, 565 педагог-психологтар, 161 мектеп инспекторлары жұмылдырылған.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың І тоқсанына арналған мектеп инспекторларының қамқоршылық кеңестерінің алдында есеп беру жиындарының кестесі әзірленді.

Айта кетейік, 2018 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облыс аумағында жасөспірімдермен жасалған қылмыс деректері 18,1 %, (182 ден 149) дерекке дейін төмеді. 149 қылмыстың 80-і Тараз қаласында (2017 ж.-95) тіркелсе, аудандарда 69 қылмыс (2017 ж.-87) тіркелген. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар 2018 жылдың 12 айында 40 дерекке төмендеді (192 тен 152). Алайда 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсу деректері 15 ден 23-ке өсті. 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің 23 дерегі, медициналық органдармен салыстыру кезінде анықталған.

«Ведомствоаралық комиссия жоспарының 18 тармағында Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында ЮНИСЕФ-тің «Зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою» бағдарламасын (Профилактика и реагирование на насилие) енгізуді қамтамасыз ету көзделген. Осыған орай, білім басқармасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №27 бұйрығымен облыс мектептері мен колледждерінде «БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету» бағдарламасын жұмыс тәжірибесіне енгізу туралы шешім қабылданды. Әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін полицияға 9072 кәмелетке толмағандар жеткізілді. 1248 жасөспірім мен 1248 кәмелетке толмаған баласы бар 792 дисфункционалды отбасы тіркелді. Өткен жылы 3398 бірлескен рейдттік іс-шаралар өткізілді, оның ішінде жасөспірімдердің көп шоғырланатын орындарын тексеруге бағытталған  2542 мектептік рейдтер. Рейдтік іс-шаралар барысында 8523 жасөспірімнің әкімшілік құқық бұзғандығы анықталды. Оның ішінде алкогольдік ішімдік пайдаланғаны үшін – 240, бұзақылық жасағаны үшін – 143, оқудан жалтарғаны, қаңғыбастық пен қайыршылық жасағаны үшін – 566 кәмелетке толмаған (оның ішінде 558 бала жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды), түнгі уақытта қадағалаусыз жүрген – 4632″, — деді Талғат Жамалов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.