Бақытжан Сағынтаев ауылдық аумақтарды дамыту жөнінде кеңес өткізді

0 0

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын іске асыру аясында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңес барысында ауылдық елді мекендердегі халықтың тұрмыс сапасын арттыруды көздейтін «Ауыл — ел бесігі» жобасы талқыланды. Атап айтқанда, экономика мен өндірістік секторды, инженерлік инфрақұрылым мен коммуникацияларды, энергетика мен экологияны, қауіпсіздікті, өнімді жұмыспен қамту бағытын дамыту, соның ішінде ауылдық жерлерде шағын және орта бизнестің өсуіне жағдай жасау, жастарды ауылдық аумақтар мен агробизнесті дамытуға тарту мәселелері көтерілді.

Көрсетілген шараларды Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі қолданыстағы мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асыру көзделген. Мәселелерді талқылау барысында Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің және облыс әкімдерінің заманауи тұрмыс сапасы стандарттарына сәйкес әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тәсілдері қаралды.

Сонымен қатар, кеңес барысында Мәдениет және спорт министрлігінің туризмді басқару жүйесін одан әрі дамыту аясындағы ұсыныстары тыңдалды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеңес қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға талқыланған мәселелерге қатысты жұмысты жалғастырып, барлық айтылған ұсыныстарды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.