Тараз қаласында сенім пункті ашылды

0 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша 1 наурыз — «Кемісітушілікке нөл» халықаралық күніне орай инъекциялық есірткі тұтынушыларға Тараз қаласында сенім пункті ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қолдауымен, сенім пункті Қант зауыты төңірегінде орналасқан №7 қалалық емхананың қарамағына орналастырылды. Сенім пунктінің жұмыс барысы құпиялы, жасырынды және ерікті түрде жүргізіледі.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Айбек Исаевтың пайымдауы бойынша, облысымызда АИТВ індетімен тіркелгендердің 53 пайызы есірткі қолдану кезінде жұқтырылады екен, сол себепті Тараз қаласы мен аудандар арасында сенім пунктілерінің ашылуы есірткі тұтынушылар арасында ғана емес тұрғындар арасында да аурудың алдын алу шаралары мен ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу өте маңызды болып келеді дейді. Бүгінгі таңда ресми түрде инъекциялық есірткі тұтынушылар саны Тараз қаласы бойынша 3400 адам, ал облыс көлемінде 5400 адам құрайды.

Қайта жаңартылып ашылған сенім пунктінде дәрігер- психолог және мейірбике жұмыс жасайды. Никулина Алена мейірбекенің айтуынша, келушілер қолданылған піспектерін (шприц) айырбастауға не болмаса жаңасын алуға, сондай ақ мүшеқаптармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар психоәлеуметтік кеңестер мен АИТВ-іне анықтау жедел тестілеуден өтуге, қан талдамасын сифилис, хламидия, гепатит В, С ауруларын анықтауда иммундыферментті талдамасынан (ИФА) өтулерімен және ақпараттық насихаттау материалдары кенінен таратылады.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық жағдайды қадағалау бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Калметованың айтуы бойынша, инъекциялық есірткі тұтынушылар үшін облыс көлемінде 11 сенім пунтктары бар. Жаңа ашылған сенім пунктіне Қантзауыты төңірегінде орналасқан елді мекендер мен Қызыл жұлдыз ауылының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

Жаңа ашылған сенім пункті 2014 жылғы ЮНЭЙДС бағдарламасы аясында бекітілген халықаралық «Кемісітушілікке нөл» күніне байланысты ашылып отыр.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Галия Садыбекованың мәліметі бойынша, облысымызда АИТВ індеті оң нәтижелі болған адамдар қоғамдық орындарда кемісітушілікке ұшырайды. Осы сенім пунктерінің арқасында қоғамда, тұрғындарды АИТВ індеті туралы біліктілігін арттыру мен ақпараттық насихаттауды ңығайту болып табылады.

Авторы: Жазира Ережепбаева

Leave A Reply

Your email address will not be published.