Шу ауданы Ауған соғысы ардагерлерін еске алды

0 58

Кеңес әскерлерінің Ауған шекарасының шығарылғанына 30 жыл толуына орай Шу ауданында ауқымды шаралар өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Атап айтар болсақ, 14 ақпан күні аудан әкімі Қайрат Досаев Ауған соғысында қаза тапқан «Қызыл жұлдыз» орденінің иегерлері Б.Таятаев, Д.Өтепов, А.Волошенко, Қ.Орынбаев, А.Қойлыбаев, М.Абдуганиев, Х.Хамиджанов сынды батырлардың аналары мен жақындарын қабылдап, естелік сыйлықтар табыстады. Еркін әңгіме жүргізді.

Ал осындай шаралардың бірі бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Онда жиналған, кеудесі медальдармен көмкерілген жігіттердің қарасы көп болды. Аудан әкімінің орынбасары Клара Қожағаппанова жүргізген жиында 30 жылдық медальдар табысталды.

Айта кетерлік жайт, Шу өңірінде 75 Ауғанстан соғысының ардагерлері бар. Арнаулы күннің маңызына тоқталған Клара Исаққызы бірқатар ардагерлерді аудан әкімінің Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Ж.Әбенов те біраз азаматтарға марапат қағаздарын табыстады.

Кездесу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Н.Бөден  де сөз алып, өз тарапынан бірнеше мақтау қағаздарын ұсынды. Соғыс кезінде сонда қызмет атқарған 3 азаматшалар да сыйлықтан құр алақан қалмады.

Атаулы күн аудан орталығындағы Ауғанстан ардагерлеріне арналған аллеядағы митингіге ұласты.  30 жылдыққа арнап ашылған жаңа стеллаға гүл қойылып, «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері  Талап Асырұлына, Д.Өтеповтың анасы Клепа Семеновнаға, ардагер-интернационалист А.Шамшураға сөз беріліп, жылы естеліктер айтылды.

Митинг соңы «Нағыз патриоттар» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ғ.Әбітаеваның  мейрамханада жайылған дастарханмен өз мәресіне жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.