Жамбыл облысында мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс көлемі азайды

0 5

Жамбыл облысында мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыс көлемі азайды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2018 жылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін қалып, үстеме жұмыс атқаруына ерекше көңіл бөлінді.

Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар Жоспарының 88-бөліміне сәйкес, келесі шараларды қабылдау тапсырылған, яғни отырыстар мен кеңестер санын қысқарту, құжат айналымын азайтуға, икемді жұмыс кестесін құруға және т.б.бағытталған мемлекеттік қызметшілердің тиімді еңбек күні тәртібін белгілеу;еңбек заңнамасын қатаң ұстану, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді жұмыс уақыты аяқталған соң жұмыс орнында ұстау, қызметкерлердің демалыс күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтату. Осыған орай, Департамент тарапынан өткен жылдан бері, мемлекеттік органдарда үстеме жұмыстарды жою мақсатында, бірқатар іс-шаралар жасалған.

Мысалы, облыс бойынша бірқатар мемлекеттік органдарда аталған жүйе орнатылған, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде, Жамбыл облысының статистика департаментінде, Жамбыл облысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде.

Сонымен бірге, облыстың жергілікті атқарушы органдары компьютерлерді автоматты түрде сөндіру жөнінде «SHUTDOWN» бағдарламасын қолдануда.

Одан бөлек, мемлекеттік органдарда, қызметкерлердің келіп түскен ұсыныстарына қарай, икемді жұмыс уақыты енгізілген.

Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 3 қызметкерлеріне түскі үзілістің уақыты бір сағатқа қысқартылып, жұмыс уақыты аяқталу кезеңі 18:00 деп белгіленген.

Жұмабеков Ержан Карсенбайұлы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы 

Leave A Reply

Your email address will not be published.