Таразда Ауған соғысы ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті

0 11

Бүгін Тараз қалалық мәдениет үйінде Кеңес әскерилерінің Ауғанстан Ресупбликасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Салтанатты жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, ауған ардегерлеріне құрмет көрсетті. Бекболат Серікбекұлының айтуынша, Ауғанстандағы соғысқа елімізден 22 269 сарбаз аттанған. Өкінішке қарай оның 924-і қан майданда қаза тауып, 1015 сарбаз елге мүгедек болып оралған.

– Жамбыл облысынан Ауғанстан жеріндегі әскери іс-қимылдарға 2 236 жерлесіміз қатысты. Тау мен тасты таса еткен атыс кезінде 71 жерлесіміз әскери қақтығыстар кезінде қаза тапты Біреуі із-түссіз, хабарсыз кетті. Олар Әскери антына өмірінің ақыр соңына дейін адалдық танытты. Жалындаған жас шағында 63 жерлесіміз мүгедек қалыпта оралып, қабырғаны қайыстырды, – деді ол.

Жиын барысында бірқатар ардагерлерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын және «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығуына 30 жыл толуына арналған» төс белгілер табысталды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Грамотасымен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.