Жамбыл облысының «Һибатулла Тарази» мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

0 35

Жамбыл облысының «Һибатулла Тарази» мешітіне және ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкіл имамы қызметіне Қанат Жұмағұлов тағайындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Облысқа діни көшбасшыны тағайындауға ҚМДБ-ның Бірінші төраға орынбасары, наиб мүфти Өтпенов Наурызбай Тағанұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров қатысты.

Наурызбай Тағанұлы мешітке келген азматтарды Бас мүфтидің бұйрығымен таныстырып, Қанат Жұмағұловты жаңа қызметімен құттықтады. Жұма намазына жиналған көпшілік алдында Жангелді Омаров сөз сөйлеп, имамдарға сәттілік тілесті. Ал осы облыста өкіл имам қызметін атқарып келген Данияр Жұмабаевқа Бас мүфтидің атынан алғыс хат, Жамбыл облысы әкімінің атынан марапат қағазы табысталды. Сондай-ақ, жамағат атынан Данияр қариға қазақтың дәстүрлі шапаны жабылды.

Айта кетейік, дін саласы – аса нәзік, ұқыптылықты қажет ететін, руханияттың өзегі болған маңызды бағыт. Осы орайда, дін мамандарының жан-жақты, білікті болуы басты талап. Еліміздегі діни ахуалды реттеп отыру үшін де имамдар, ұстаздар түрлі өңірлерде қызмет жасап, діннің сан саласында еңбек етуі шарт.

Leave A Reply

Your email address will not be published.