Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, көктайғақ болады

0 0

Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, осыған байланысты жауын-шашын күтіледі, тек еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күтіледі.

Түркістан облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28, тау асуларында 30 м/с аса күшейеді, күндіз кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қарағанды облыстарында көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, — деп хабарлайды kazhydromet.kz.

Дереккөз: 24.kz   

Leave A Reply

Your email address will not be published.