Облыста «Zhas Project» жобасы аясында 206 жоба іске асырылуда

0 2

Жамбыл облысында жастар саясатында 16,6 мың жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. «Zhas Projeсt» жобасы аясында 206 жоба іске асырылуда. Жоба аясында 762 жас жұмыспен қамтылса, оның 33 — мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, —  деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, жұмыссыз немесе нәтижесіз жұмыспен қамтыған, оқымайтын NEET санатындағы жастардың базасы жасақталды (11 мыңнан астам). Осы орайда,«Жастар жылындағы» бірден біратқарылатын жұмыс – жастардың арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу болмақ.

Келесі бір маңызды мәселе – еріктілер қозғалысына тың серпін беріп, әлеуметтік мәселелерді шешуге пайдалану. Осы орайда, бұл қозғалысты, облыста жүйе ретінде қалыптастыру үшін, өткен жылдың аяғында «Қамқор» жобасы қолға алынды. Оған 1 мыңға жуық еріктілер тартылды. Тараз қаласында 3 арнайы әлеуметтік заттар жинайтын орын ашылды. Бүгіннің өзінде 574 тұрмысы төмен отбасыға 3,2 млн. теңгеге азық-түлік, киімдер таратылды. Ендігі жерде бұл жұмыстың ауқымы кеңейтіліп, аудандар да қамтылғалы отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.