«Тараз» ФК үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады

0 0

Тараз футбол клубы Түркияның Анталия қаласында өткен қорытынды оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Жерлестеріміз соңғы ойынында Украинаның «Ингулец» командасын 1:0 есебімен жеңсе, команда құрамы тағы бір грузиндік ойыншымен толықты. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

2019 жылы футболдан Қазақстан премьер- лигасында өнер көрсететін «Тараз» футбол клубы үш кезеңдегі оқу-жаттығу жұмыстарын аяқтап отыр. Оның алғашқысы Шымкент қаласында өтсе, екеуі Түркия елінде жалғасты. Осының арқасында команда бірқатар жаңа футболшыларды сынап көріп, олармен келісім-шарт та жасап үлгерді. Әзірге, екі кезеңнің қорытындысы бойынша Тараз командасы сербиялық қорғаушы Михайло Иованович пен бразилиялық Эливелто Рубейро Дантаспен келісім-шартқа отырған. Сонымен қатар, тағы бір сербиялық Неманья Суботичте жамбылдық команданың сапына алынды. Тараздың жаңа құрамына Грузиядан екі футболшы алынды. Күні кеше аяқталған үшінші кезең нәтижесі бойынша Тараздықтар екі ойын өткізді. Оның алғашқысы Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететін «Чайка» командасына 2:1 есебімен жол берсе, екінші ойында Украиналық «Ингулец» командасын 1:0 есебімен әзер жеңді. Тараз командасының биылғы құрамы әлі толық емес, алайда негізгі құрам 70 пайыз жергілікті ойыншылардан құралады — дейді мамандар. Футболдан ел біріншілігі алдағы наурыз айында басталса, біздің бірінші қарсыласымыз алматылық «Қайрат» командасы болмақшы.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.