Тараздағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға түсті

0 5

Таразда болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жатқызылды. 47 жастағы әйелдің өкше сүйегі сынған. Бұл  туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Қазір оның жағдайы орташа. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жарылыстан кейін алғаш жәрдем көрсетіліп, үйіне қайтарылған үш адамның бірі. Жалпы қазір ауруханада 4 адамға ем көрсетілуде. Оның екеуі жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлық қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қазір оқиға орнында екі жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқаруда.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.