Демалыс күндері ауа-райы қандай болады?

0 0

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың солтүстігінде көбінесе қар түрінде, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшеюі күтіледі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлеріде найзағай, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Жамбыл облысының кей жерлеріде тұман күтіледі. Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Қызылорда, Атырау, Қарағанды ​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс- Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.