Жұма күні Астана аспанында 5 күн шықты (ФОТО)

0 1

Бұл ерекше құбылысты ғалымдар «гало» деп атайды. Бүгін елордалықтар ерекше табиғи құбылыстың куәсі болды, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода Астана көгінде бес күн шығып тұрғандай көрінеді.

«Бүгін таңғы сағат 10:00 Астана қаласында 5 бірдей күн шығып тұр!», — делінген әлеуметтік желідегі Qazaqstanda парақшасында.

Сондай-ақ желі қолданушыларының бірі табиғаттың ерекше құбылысын суретке түсіріп үлгеріпті.

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше құбылыстың «гало» деп аталатынын жарыса жазуда.

Гало – оптикалық құбылыс, Күн мен Айдың айналасында пайда болатын жарқыраған шеңбер. Ғалымдардың айтуынша, гало бұлттағы мұз кристалдарының шағылысуы нәтижесінде 5-10 километр биіктікте тропосфераның жоғарғы қабатында пайда болады. «Гало» құбылысы көбінесе қыста қатты аяз кезінде байқалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.